Өзіңізге · iPhone және веб

Назарыңыз әңгімеде болсын.Қорытындысы — Lakonik-те.

Кездесуді жазыңыз, ботты шақырыңыз немесе дайын файлды жүктеңіз. Lakonik мәтіндік жазба, есеп пен тапсырмалар дайындайды. Сіз әңгімеге көңіл бөле аласыз.

Орысша, қазақша және ағылшынша. Бір кездесуде де.

Компанияларға
Lakonik-тегі демо-кездесу есебі: қысқаша қорытынды, қатысушылар және бриф.
Әңгімеден нақты шешімге
Назарыңыз — әңгімеде

Шешімдер мен тапсырмалар әрдайым қолыңызда.

Қалай жұмыс істейді

Кездесу аяқталды.
Жұмыс жалғасады.

Өзіңізге ыңғайлы жазу тәсілін таңдаңыз. Lakonik айтылған ойларды жинақтап, жұмысқа қажет қорытынды дайындайды.

Бетпе-бет кездесуде

iPhone арқылы жазыңыз. Жазу фондық режимде де, экран құлыптаулы кезде де жалғасады.

Онлайн

Google Meet немесе Microsoft Teams сілтемесімен Lakonik ботын шақырыңыз. Ұйымдастырушы ботты кездесуге кіргізуі керек.

Дайын файлдан

Аудио не бейнефайлды iPhone немесе веб-кабинет арқылы жүктеңіз.

Аудиожазба → сөйлеушілерге бөлінген мәтін → есеп пен тапсырмалар

01

Маңыздысын жазып алыңыз

Әңгімелесіңіз, маңызды тұстарды белгілеңіз, кездесу түрін таңдаңыз.

Lakonik жазу экраны: таймер, дыбыс толқыны, белгі қою, кідірту және тоқтату батырмалары.
02

Кім не айтқанын тексеріңіз

Мәтін сөйлеушілерге бөлінеді. Олардың есімдерін қолмен нақтылауға болады.

Lakonik демо-мәтіндік жазбасы: сөйлеушілердің есімдері мен уақыт белгілері бар репликалар.
03

Іске көшіңіз

Кездесу түріне сай есеп, жауаптылары мен мерзімдері көрсетілген тапсырмалар. Word пен PDF-ке экспорттау, әріптестерге қолжетімділік беру.

Lakonik демо-кездесулерінің тапсырмалары, жауапты адамдар мен орындау мерзімдері.

Қолданбаның орыс тіліндегі нақты экрандары. Скриншоттардағы кездесулер, адамдар мен компаниялар — ойдан шығарылған демо-деректер.

Құпиялық және бақылау

Жеке кездесулеріңіз — өзіңізге.

Кездесу деректерін өңдеудің түсінікті тәртібі.

  • Аудио мәтінге түсірілгеннен кейін біздің серверден бірден жойылады.

  • Жазбаларыңыз модельдерді үйретуге пайдаланылмайды.

  • Кездесуді тек сіз және өзіңіз рұқсат берген адамдар көре алады.

Деректер қалай өңделеді және сақталады (орыс тілінде)

Жеке тарифтер

Қысқа жазбадан
ұзақ кездесуге дейін.

Жұмысыңызға сай жазба ұзақтығы мен айлық өңдеу көлемін таңдаңыз.

Free

Тегін

  • Жазба ұзақтығы — 5 минутқа дейін
  • Күніне 5 жазбаға дейін

Starter

2 490 ₸/ай

немесе 23 990 ₸/жыл

  • Жазба ұзақтығы — 1 сағатқа дейін
  • Айына 5 сағат

Unlimited

12 490 ₸/ай

немесе 119 990 ₸/жыл

  • Жазба ұзақтығы — 5 сағатқа дейін
  • Айына 40 сағатқа дейін — әділ пайдалану қағидасы
  • Google Meet пен Microsoft Teams боты
  • Қуаттырақ модель дайындайтын есептер
  • Кезектен тыс өңдеу

Жылдық төлем ай сайын төлеуден шамамен 20 % арзан.

Қазақстандағы App Store бағалары. Дүкен бағаны еліңіздің валютасымен көрсетеді.

Жазылым App Store арқылы рәсімделеді және тоқтатылады.

Download on the App Store

Компанияларға

Өз серверіңіз, қолжетімділік пен инфрақұрылымды басқару.

Бағасы сұрау бойынша

Кездесу тілдері

Өзіңізге ыңғайлы тілде сөйлесіңіз.

Орысша, қазақша және ағылшынша — бір кездесуде араластырып сөйлесуге де болады. Мәтіндік жазба сөйлеушілерге бөлінеді. Әріптестерге жібермес бұрын есімдерді, тұжырымдар мен қорытындыларды тексеріңіз.

РусскийҚазақшаEnglish

Сайт тілін ауыстыру қолданба интерфейсінің тілін өзгертпейді. Скриншоттарда орыс тіліндегі нұсқа көрсетілген.

Алғашқы кездесу алдында

Барлық сұрақтар және қолдау
Қалай бастаймын?

Lakonik қолданбасын App Store дүкенінен орнатып, поштадағы кодпен, Apple не Google арқылы кіріңіз. Микрофонға рұқсат беріп, «Записать встречу» (Кездесуді жазу) батырмасын басыңыз.

Онлайн-кездесуді жазуға бола ма?

Pro және Unlimited тарифтерінде Lakonik боты Google Meet пен Microsoft Teams кездесуіне сілтеме арқылы қосылады. Ұйымдастырушы оны кіргізуі керек; платформа ережелері кіруді шектеуі мүмкін. Дайын жазбаны файл ретінде де жүктеуге болады.

Жазылымды қалай басқарамын?

Жазылым App Store арқылы рәсімделеді. Бас тарту үшін Apple аккаунтының баптаулары → Жазылымдар → Lakonik тармағын ашыңыз. Lakonik аккаунтын жою жазылымды автоматты түрде тоқтатпайды.

Келесі кездесуден бастаңыз.

Жазу, мәтінге түсіру және түсінікті қорытынды — бір қолданбада.